Жобаның Алматыдағы кеңсесінің ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған алғашқы мәжіліс.

Солдан оңға қарай: Катя Кайзер (TÜV Rheinland), Анико Мертен (WMU GmbH), Білім және ғылым министрі проф. Д-р Армин Виллингманн, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры проф. Т.Балыкбаев., Франк Винцерлинг (WMU GmbH), д-р Абуэва Нурбану Адильбековна (Халықаралық бөлім басшысы), Кай Глейснер ( Отто фон Герике Магдебург Университетінің өкілі)

«GeKaVoC» (Неміс-Қазақ кәсіптік білім беру орталығы) жобасы Германияның білім және ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылады және Алматы (Қазақстан) қаласында да жобалық кеңсесі бар.


31.08.2017 жылы Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жобалық кеңсенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.  Ашылу салтанатына Саксонии-Ангальт білім және ғылым министрі Проф. Д-р Армин Виллингманн қатысты. Жобалық кеңсенің мақсаты Қазақстандағы байланысты жақсарту және тереңдету.

Жобаның мақсаты – логистика, мехатроника және тұрақты энергетика саласындағы мамандарды даярлайтын және оқытатын Қазақстандағы кәсіби білім беру орталығын құру. Экономиканың осы секторлары Қазақстандағы орталық кластерлер болып табылады және елдің болашақ дамуында ерекше мәнге ие. Бұрын пайдалы қазбаларға – шикі мұнай мен табиғи газ сияқты минералды шикізатқа негізделген Қазақстан, сондай-ақ тұрақты энергетика саласымен болашағын байланыстырады. Өз кезегінде, Астанадағы «Болашақ энергиясы» ұранымен өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі осының дәлелі болып табылады

Неміс тарапының концорциумы ВМУ(экономика, адам, қоршаған орта) Жекеменшігі шектеулі серіктестігінен,  Магдебург Отто фон Герике университеті, ТЮФ Рейнланд Академиясынан(Техникалық мониторинг қауымдастығы) құралған .

Экономика министріне және оның делегациясы мен жобалық серіктестеріне, университет ректоры, профессор Балықбаев Т. мырза жолдаған құттықтау сөзінде Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жобасының ерекшелігі мен маңызы атап өтілді.

Білім және ғылым министрі, проф. Армин Виллингман бұл фактіні растады және министрліктің осы жобаға барынша қолдау көрсететінін айтты. Осы екі сөзден кейін консорциумның жетекшісі Фрэнк Винчерлинг (Магдебургтегі ВМУ(Экономика-адам-қоршаған орта)  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері) «GeKaVoC» жобасының тұсаукесерін жасады. Ол алға қойылған міндеттерді көрсетіп, жобаның келесі үш жылда жұмыс істейтін бағыттарын атап өтті. Фрэнк Винчелинг Германияның және Қазақстандық Білім және ғылым министрлігінің қолдауына тағы бір рет алғысын білдірді. Сондай-ақ, жоба бойынша Қазақстандық серіктестерге:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне,Ю.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне,Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне сенім, қолдау және ынтымақтастық үшін алғыс сөздер айтылды.

Ашылу рәсімі қызыл лентаны қырқу және салтанатты швед үстелімен аяқталды. Бұрын, дәлірек айтқанда 2017 жылдың 26 тамызында, Алматыда неміс және қазақстандық серіктестердің жоба бойынша кездесуі өткен болатын. Кездесу барысында жобаның мақсаттарына табысты жету үшін келесі қадамдары мен міндеттері талқыланған.